Құрметті «АҚ Тәртіп» ЖШС қызметтерін тұтынушылар!
ҚҚС мөлшерлемесінің 12%-дан 16%-ға өсуіне байланысты VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2026 жылғы 10 маусымдағы № 308 шешімімен «Алматы қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2024 жылғы 15 сәуірдегі № 111 шешіміне өзгерістер енгізіліп, Алматы қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер сәйкесінше мынадай болады:
• абаттандырылған және абаттандырылмаған сектордың халқы үшін – айына бір тұрғын үшін 744,1* теңге;
• тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, кәдеге жарату және көму үшін – 1 текше метр қалдық 3 832,5 теңге.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты 2026 жылғы 1 шілдеден бастап «АҚ Тәртіп» ЖШС-нің тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, кәдеге жарату, сұрыптау және көму жөніндегі қызметтеріне арналған тарифі Алматы қаласы мәслихатының жоғарыда көрсетілген шешіміне сәйкес өзгертілетін болады.
Ескерту:
Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтардың жекелеген санаттарына мынадай мөлшерде жеңілдіктер қарастырылған:
Ұлы Отан соғысы қатысушыларына – 100% жеңілдік;
Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға, І топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға, бала кезінен мүгедектерге, сондай-ақ мүгедек балалардың ата-аналары мен заңды өкілдеріне, жетім балаларға – 50% жеңілдік;
ІІ топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға және халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдеріне – 25% жеңілдік.
Жеңілдіктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес беріледі және тиісті санатқа жататынын растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда тұтынушы жүгінген күннен бастап есеп айырысуларда қолданылады.
«АҚ Тәртіп» ЖШС көрсететін қызмет бағаларының анықтамалығы.