This website works best with JavaScript enabled

Алматы Call-орталығы 

2 505 505

KZ  RU

Коммуналдық қалдықтарды шығару – кез келген елді мекеннің өзекті мәселесі. Біздің заманымыздың негізгі проблемаларының бірі – қоршаған ортаны сақтау болып табылады. Әсіресе, қоршаған ортаның тазалығы қалалық жерлерде экологияны сақтап қалу жолында жүргізілетін күрестің негізгі құрамдас бөлігі болып саналады, бұл ретте қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару сауатты, әрі кәсіби тұрғыда ұйымдастырылуы қажет. Таза және жайлы орта адамдардың денсаулығына, көңіл-күйіне, жұмыстағы табысына әсер етпей қоймайды.

«Тәртіп» Акционерлік қоғамы (ары қарай – Компания) қалдықтарды жинау және жою нарығында 15 жылдық тәжірибесі бар Компания. 1999 жылдың қарашасында Алматы қаласы әкімінің шешімімен Алматы қаласының коммуналдық қалдықтарын жинап, шығарушы кәсіпорын негізінде құрылған «Тәртіп» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны болып қайта құрылып, Акционерлік қоғамға айналды. Алматы қаласы бойынша Әділет департаментінде тіркелген 16.01.2006 ж. №75245-1910-АО куәлігі бар.

Біздің тұрақты клиенттеріміз – Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, ірі тұрғын үй кешендері, оның ішінде «Ақкент», «Столичный центр», «Алтын Ғасыр», «Дом Сервис Клиниг», «Адал Сервис», коттедж қалашықтары – «Яблоневый сад», «Әлем», «Дастархан» Сауда-мейрамхана кешені және қаламыздың өзге де кәсіпорындары.

Жаңа клиенттерді тарту мақсатында біз тендерлік компанияларға және науқандарға үнемі қатысып келеміз.

Беделдің жоғары болуы, күрделі мәселелердің оңтайлы шешімдерін табу, бағаның қолжетімділігі – ынтымақтастықтың негізгі артықшылықтары. Біз кестені қатаң сақтай отырып, жұмыс істейміз. Қатты қалдықтарды жинауға және шығаруға байланысты қойылатын барлық қажетті талаптарды біздің қызметкерлер орындайды.

Өзге де артықшылықтарымыз:

  • қызметкерлердің жоғары біліктілігі;
  • мамандандырылған техникаға арналған өз автопаркіміздің болуы;
  • күрделі мәселелердің кешенді шешімін табу;
  • менеджерлердің кеңес беруі;
  • өтінімдерді жедел орындау.

«Тәртіп» АҚ-ының одан әрі тұрақты өсуі үшін әлеуеті зор, шетелдік әріптестердің қызықты тәжірибесін жұмысқа енгіземіз және үздіксіз жетілдіру мен дамыту процесіндеміз. Біздің қызметкерлер үнемі семинарлар мен мамандандырылған көрмелерге қатысады.

Компанияда 910 адам қызмет етеді, ал қалдықтарды жинау және шығарумен тікелей айналысатын өндірістік қызметкерлердің саны – 821 адам. 2009 жылдан бастап Кәсіподақ ұйымы құрылып, жұмыс жасауда.

236 бірлік арнайы техника қаланың алты ауданында шоғырланған жеті өндірістік базада орналасқан және кез келген уақытта қаланың қай түкпірінде, жылдың қай мезгілінде болмасын қызмет атқаруға дайын.

Біздің компания қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігі принциптеріне сүйеніп, Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа алады. Біз қоршаған ортаға зиян келтiрмес үшін қатты қалдықтарды және басқа да қалдықтарды жою жұмыстарын мүмкіндігімізше мұқият орындауға тырысамыз.

Біз қаламыздың тазалығы үшін жемісті және тиімді ынтымақтастыққа қол жеткіземіз деп үміттенеміз.

«Тәртіп» АҚ тұсаукесері (Жүктеу)

Алматы қаласының аумағы бойынша қатты-тұрмыстық қалдықтарды жинау және оларды жою мен көму үшін орталықтандырылған орынға жеткізу

ҚТҚ шығару АлматыСоңғы жылдары ҚТҚ-дың (қатты тұрмыстық қалдықтардың) шығарылуына байланысты мәселе бұрынғыдан да өзекті болып отыр. Күн сайын Алматы қаласы бойынша жинақталып, шығарылуға тиісті 2,0 тоннадан астам қоқыс қаланың сыртына шығарылады.

ҚТҚ шығару (Жүктеу)

#fc3424 #5835a1 #1975f2 #2fc86b #f_syc9 #eef77 #020614063440