This website works best with JavaScript enabled

Алматы Call-орталығы 

2 505 505

KZ  RU

2003 жылы «Қалдықтар: алдын алу жолдары және азайту – 2003» көрмесіне белсенді қатысқаны үшін біздің компания ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің дипломымен марапатталды.

2010 жылы біздің компаниямызға тығыз әріптестік орнатып, жемісті ынтымақтастыққа қол жеткізгеніміз үшін «Алсеко» АҚ атынан Алғыс хат табысталды.

2011 жылы «Тәртіп» АҚ-ының кәсіподағы 2010 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік кәсіподақ ұйымы» конкурсында үшінші орынды жеңіп алып, Алматы агроөнеркәсіптік кешені қызметкерлері кәсіподағы атынан дипломмен марапатталды.

2011 жылы қайырымдылық көмек көрсеткеніміз үшін біздің компания соқыр және нашар көретін балаларға арналған Островский атындағы арнайы (коррекциялық) №4 мектеп-интернатының әкімшілігінің Алғыс хатымен марапатталды.

2012 жылы қайырымдылық көмек көрсеткеніміз үшін біздің компания психо-неврологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға арналған Алматы қалалық балалар үйі әкімшілігінің Алғыс хатымен марапатталды.

2012 жылы «Тәртіп» АҚ кәсіподағы «Үздік кәсіподақ ұйымы» конкурсының жеңімпазы атанып, ауыл шаруашылығы қызметкерлері Алматы кәсіподағының дипломымен марапатталды.

2012 жылы Астана қаласының орталық комитеті ұйымдастырған «Күшті бастауыш ұйым – күшті кәсіподақ» конкурсы жеңімпаздарының форумына қатысқан кәсіподақ ұйымының төрайымына алғыс жарияланды.

2012 жылы әлеуметтік қорғау және еңбек құқықтары саласындағы ұйымдастыру жұмысының жоғары деңгейі үшін «Алматы агроөнеркәсіптік кешені қызметкерлері кәсіподағы» ҚБ-нің атынан «Тәртіп» АҚ Басқарма төрағасына Алғыс хат табысталды.

2012 жылы Алматы қаласының Ішкі саясат басқармасы атынан «Үздік кәсіподақ ұйымы» байқауының «Жұмысшыларды кәсіподаққа тарту бойынша ең үздік тәжірибе» номинациясында жеңіске жеткен «Тәртіп» АҚ Дипломмен марапатталды.

2012 жылы «Тәртіп» АҚ «Парыз – 2012» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық конкурсына қатысқаны үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің атынан Дипломмен марапатталды.

#fc3424 #5835a1 #1975f2 #2fc86b #f_syc9 #eef77 #020614063440