This website works best with JavaScript enabled

Алматы Call-орталығы 

2 505 505

KZ  RU

«Тәртіп» акционерлік қоғамының сапа, қоршаған ортаны қорғау және энергиялық тиімділік аумағындағы

«Тәртіп» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің 07.03.2015ж. шешімімен бекітілді

«Тәртіп» акционерлік қоғамы – Алматы қаласы Әкімінің шешімімен құрылған, Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды, ірі көлемдегі және құрылыс қоқыстарын шығаратын ірі компания.

Компания өз жұмысын жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының заңдарына, сонымен қатар сапа, қоршаған ортаны қорғау және энергиялық тиімділікті жоғарылату аумағындағы халықаралық және ұлттық стандарт талаптарына сәйкес жауапкершілікті өзіне алады.

«Тәртіп» АҚ - ы орындалатын үдерісті үнемі жетілдіруді, қоршаған ортаға әсер ететін зиянды нәрселердің төмендеуін немесе олардың алдын алуды және электр энергиясын қысқарту шараларына басымдылық танытуды, ашық және таза жұмыс жүргізуді, тұтынушылармен және мүдделі тараптармен байланыс жасауды, олардың пікірімен санасуды және олардың күткенінен асып түсуді өз міндетіне алады. Қызметкерлердің дайындығы мен біліктілігін жоғарылату үшін компания өз қызметкерлерінің кәсіби дайындығын үнемі арттыруды өз базасында немесе аккредиттелген ұйымдар арқылы өткізеді.

Біздің ұстанымдарымыз

  • Жұмысты өз уақытысында сапалы етіп орындау!
  • Клиентті сыйлау!
  • Әрбір жұмыс орнында электр энергиясын және отынды үнемдеу!
  • Компания мен клиенттің дүние-мүлкіне ұқыпты қарау!
  • Экологиялық тапсырмаларды экологиялық аспект арқылы шешуге жағдай жасау және жұмыс орындары мен халық шоғырланған қалалық аумақтарда тазалық сақтауды қамтамасыз ету!

Компанияның жұмысын жақсарту жұмыс сапасын бақылауды орындаудағы үнемі жүргізілетін мониторингпен, экологиялық аспектілермен, энергияны тұтынуға әсер ететін жағдайлармен, сондай-ақ компанияның ұстанымдарын сақтау үшін қызметкерлердің уәждеме жүйесін енгізу арқылы қаматамасыз етіледі.

«Тәртіп» АҚ-ы басшылығы сапа, қоршаған ортаны қорғау және энергиялық тиімділік аумағындағы Саясатын жүзеге асыру үшін жағдай жасауға тырысады, оны ұжымның түсінуіне, ол үшін қызметкерлерді менеджмент жүйесінің нәтижелілігін үнемі жоғарылатуға және компания жұмысының жақсаруына қатысуға шақырады, ол үшін барлық қажетті мүмкіндікті пайдаланады.

#fc3424 #5835a1 #1975f2 #2fc86b #f_syc9 #eef77 #020614063440