This website works best with JavaScript enabled

Алматы Call-орталығы 

2 505 505

KZ  RU

Келісім-шартқа тұру үшін өтінім 

ҚТҚ шығару үшін өтінім 

Кері байланыс 

       «Тәртіп» Акционерлік қоғамының корпоративтік мәдениеті Компанияның ерекшеліктеріне бейімделе отырып, мәдениет үлгілерінің заманауи және ең үздік дәстүрлерін сақтап келеді. Корпоративтік мәдениет жұмысшылардың бірлескен және жоғарғы деңгейдегі менеджерлерінен бастап қатардағы қарапайым жұмысшылардан құралатын бірыңғай Компания құру арқылы ортақтастықта, ынтымақта болу сезімін, адал және берік ұйымдасқан ұжымды қалыптастырады.

Спорттық сауықтыру шаралары:

Спартакиадалар:

      Әр тоқсан сайын Қоғам қызметкерлерінің арасында спорттық дәстүрлерді сақтау, ұжымның бірлігін нығайту және адал бәсекелестік жағдайында спортшылардың үздік спорттық жетістіктерін тану мақсатында Спартакиада өткізіліп тұрады. Спартакиада жарыстың мына түрлерін қамтиды: мини-футбол, волейбол, үстел теннисі, шахматтық турнирлер және т.б.

СпортакиадаСпортакиада

                                                                        Спортакиада

Мәдени-көпшілік және жалпы қалалық іс-шаралар:

«Ән салады мамандар!» жобасы

      Дәстүрлі мәдени-көпшілік шараларды ( 8 наурыз, Наурыз мейрамы, Жаңа Жыл) өткізумен қатар Компания «Қазақстан» ұлттық телевизиялық каналы өткізген телевизиялық жобаларға қатысты. 2017 жылдың 5 сәуірі мен 24 сәуірі арасында Алматы қаласында «Ән салады мамандар!» жобасы басталды. Жобаның мақсаты - әлеуметтік маңызды кәсіптерді көпшілікке дәріптеу. Компаниядан жобаға 5 (бес) дарынды қызметкерлер қатысты, олардың ішінде:

  • Дүйсенова Айгүл – Абонент бөлімінің маманы;
  • Бейсенов Мирас – Өндіріс бөлімінің маманы;
  • Оразова Перизат – Есеп бөлімінің маманы;
  • Мұхамедиев Жандар – Алмалы ауданы учаскесінің жүргізушісі;
  • Төлеубеков Бекнұр – Медеу ауданы учаскесінің жүк тиеушісі.

КонкурсКонкурс

                                                                                    Конкурс

Сенбілік

      Жыл сайын Қоғам Алматы қаласы Әкімшілігінің тапсыруымен қаланы тазалау бойынша жүргізілетін жалпы қалалық және жергілікті іс-шараларға қатысады. Үстіміздегі жылы да біздің Компания осындай іс-шаралардан тыс қалған жоқ, Алматы қаласының 8 ауданының аумағындағы өздеріне бекітілген учаскелерден қоқыстар мен басқа да қалдықтарды шығарып, қаланы тазарту жұмыстарына белсенді түрде ат салысты.

СубботникСубботник

                                                                        Субботник

#fc3424 #5835a1 #1975f2 #2fc86b #f_syc9 #eef77 #020614063440