This website works best with JavaScript enabled

Алматы Call-орталығы 

2 505 505

KZ  RU

Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруға арналған қоғамдық келісім-шарт

«Тәртіп» акционерлік қоғамы (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы 26.01.2006 жылғы № 2990-1910-02-АО куәлігі), бұдан ары «Қызмет көрсетуші» деп аталатын, Алматы қаласы Әкімшілігімен № 73 2014 жылғы 30 қыркүйегінде жасасқан Жарғы мен Келісім-шарт негізінде әрекет ететін өзара қабылдаған міндеттемелер туралы Басқарманың төрағасы Абдраим Б.Р. бір жағынан, және Меншік иесі/ Тұрғын үйді жалдаушы (тұрақты түрде тұруға және пайдаланылуға арналған жеке тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме) екінші жағынан, бұдан ары «Тұтынушы», бұдан ары жеке түрдегі «Қызмет көрсетуші» және «Тұтынушы» бірігіп «Тараптар» деп аталып, төмендегі Келісім-шартты (ары қарай – Келісім-шарт) жасасты:

Келісім-шартта қолданылатын негізгі түсініктер:

1) «Қатты тұрмыстық қалдықтар», «ҚТҚ» - қатты түрдегі коммуналды қалдықтар;

2) «Коммуналды қалдықтар» - елді-мекендерде, оның ішінде адамның өмір сүру нәтижесінде пайда болатын тұтыну қалдықтары, сонымен қатар құрамы мен сипаты бойынша бір-біріне жақын өндірістік қалдықтар;

3) «Сұйық қалдықтар» - сұйық түрдегі кез келген қалдықтар;

4) «Ірі габаритті қоқыс», - өзінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан және өзінің өлшемдері бойынша арнайы қоқыс жинау машиналарымен тасымалдауға келмейтін тұтыну және шаруашылық қызмет (тұрмыстық техника, жиһаз және т.б.) нәтижесінде түзілетін қалдықтар;

5) «Қоқыс шығарушы ұйым» - Коммуналды қалдықтарды арнайы көліктермен шығаруды жүзеге асыратын ұйым;

6) «Құрылыс қоқыстары» - ғимараттарды немесе құрылыстарды немесе жеке құрылымдық элементтерді шашу (демонтаж) нәтижесінде пайда болған қоқыс, сонымен қатар құрылыс-монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстарын орындау кезінде пайда болған қоқыстар;

7) «Тариф» – қалдықтарды қайта өңдеу, орналастыру (көму), жиналған қалдықтарды сақтау орындарындағы ҚТҚ-ның 1 шаршы метрін (м3) шығару құны.

8) «ҚТҚ шығару» қызметін төлеу көлемі» – ағымдағы тарифке сәйкес белгіленген және Алматы қаласы бойынша ҚТҚ жинау мөлшерлемелерінің өкілетті органдарымен бекітілген қызмет көрсетудің құны.

1. Келісім-шарттың мәні

1.1 Келісім-шарттың мәні – Қызмет көрсетуші ҚТҚ-ды (бұдан ары «Қызмет көрсету») жинау орындарынан қоқыстарды шығару бойынша қызмет көрсетеді, ал Тұтынушы Келісім-шартқа сәйкес көрсетілген қызметтерді төлейді.

1.2 Қызмет көрсетуші Қоқыс шығарушы ұйым бола отырып, Алматы қаласының аумағынан коммуналды қалдықтарды шығару бойынша қызмет көрсетулермен жабдықтаушыны анықтау бойынша байқаудың (тендер) нәтижелерінің негізінде өкілетті органдарға бекітілген учаскелердің аймағында Тұтынушыға қызмет көрсетеді.

1.3 Қызмет көрсетушінің қызмет көрсету міндетіне жататын аумақ көлемінің нақты шекарасы №1 Қосымшада көрсетіледі және ол осы Келісім-шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

2. Тұтынушының құқықтары мен міндеттері

2.1 Тұтынушы құқылы:

2.1.1 Бекітілген кестеге сәйкес ҚТҚ-ды уақытылы шығаруға;

2.1.2 Тарифтерді қолдану және қызмет көрсетулердің төлем көлемі туралы ақпаратты алуға;

2.1.3 Келісім-шартта келісілген (Келісім-шарттың 3.2.6 тармағы) мерзімнің ішінде Қызмет көрсетушімен анықталған кемшіліктерді жоюға;

2.1.4 Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдылығында анықталған тәртіпке және шамаға сәйкес Қызмет көрсетушінің кінәсінің нәтижесінде орын алған кемшіліктердің салдарынан денсаулыққа немесе мүлікке келтірілген шығындарды толық өтеуге;

2.1.5 құқықтары бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдылығына сәйкес сот қорғауына;

2.2 Тұтынушы міндетті:

2.2.1 Келісім-шартта анықталған мерзімнің ішінде уақытылы және толық көлемде ҚТҚ шығару бойынша қызмет көрсетулер үшін төлемақыны дер кезінде төлеуге;

2.2.2 қоқыс жинэушы көлікке (ыдыссыз жою жүйесі кезінде) тиеу ушін арнайы белінген орындәрда уақытша сактау (контейнерлік жою жұйесінде) немесе езінің ыдыстарында (тара)пайда болған қалдыіггарды жинактап қоюға;

2.2.3 сұйық калдықтардың ағып кетуін болдьірмау, курылыс калдыктарының. топырактың. ірі габаритті кокыстардың, металл сыныктарының, ағаш кесіндіперінің, жапырактардың қокыс жинағыштарға тасталуын болдырмау;

2.2.4 Келісім-шарттың 2.2.5 тармағына сәйкес кейін шығару үшін құрылыс қалдықтарын, топырақты, ірі габаритті қоқыстарды, металл сынықтарын, ағаш кесінділерін, жапырақтарды, бұтақтарды, пештің күлін контейнерлердің қасына (тұрмысқа жайлы тұрғын үйлердің ауласында) немесе үй алдындағы алаңда (жеке тұрғын үй секторы үшін) бөлек жинауға;

2.2.5 құрылыс қалдықтарын, топырақты, ірі габаритті қоқыстарды, металл сынықтарын, ағаш кесінділерін, жапырақтарды шығару үшін Қоқыс шығарушы ұйымға қосымша төлемақы төлеуге;

2.2.6 арнайы орындардан басқа жерлерде ҚТҚ-ын жинауға (контейнер алаңдарынан басқа орындарда) жол бермеуге, сонымен қатар оларды жерге көмуге, контейнерлерде, көшелер мен алаңдарда өртеуге рұқсат етпеуге;

2.2.7 тұрмыстық қалдықтарды ыдыссыз шығарған кезде, ҚТҚ салынған сыйымдылықты кестеге сәйкес тек арнайы техника келетін күні ғана шығаруға;

2.2.8 дұрыс сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қоқыс жинағыштар мен контейнер алаңдардың қоршауларына ұқыпты қарауға;

2.2.9 жалға алып отырған бөлмеден кеткенге дейін жылжымайтын мүлікке қатысты азаматтық-құқықтық келісім-шарттарды жасасу кезінде Қызмет көрсетушімен толық есептесуге;

2.2.10 Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында және осы Келісім-шартта қарастырылған басқа да міндеттерді орындауға.

3. Қызмет көрсетушінің құқықтары мен міндеттемелері

3.1 Қызмет көрсетуші құқылы:

3.1.1 тұтынушыдан уақытылы және толық көлемде көрсетілген қызметтер үшін төлемақыны алуға және төлем шарттарын бұзған жағдайда Келісім-шартта қарастырылған тиісті іс-шараларды қолдануға;

3.1.2 Келісім-шарт бойынша Тұтынушы төлемақының төлеу уақытын бұзған жағдайда, Қызмет беруші өзінің мүліктік мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасының сот органдарына шағымдану арқылы Тұтынушыдан қарызды мәжбүрлеу жолымен және есептелген айыппұлды өндіріп алуға құқылы;

3.2 Қызмет көрсетуші міндетті:

3.2.1 Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық актілеріне сәйкес Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасымен келісілген кесте бойынша оларға бекітілген учаскелерден ҚТҚ шығаруды жоспарлы түрде іске асыруға;

3.2.2 контейнерлерден қалдықтарды қоқыс тиеу көлігіне тиеген кезде шашылған қоқысты жинауға;

3.2.3 қозғалыс сұлбасына және өзгерген пайдаланушылық шарттарға сәйкес маршрут кестелерiн құрастыруға және түзетуге;

3.2.4 контейнерлерді сақтау үшін ҚТҚ шығару кезінде құрал- жабдыққа мұқият қарауға;

3.2.5 ағымдағы айдың 15-ші күніне дейін ҚТҚ шығару үшін төлемдерді төлеу үшін Тұтынушыға төлем құжаттарын ұсынуға;

3.2.6 көрсетілетін қызметтердің көлеміне және сапасына шағым болған жағдайда 24 сағат ішінде Тұтынушының талаптарын қанағаттандыруға;

3.2.7 ҚТҚ шығару үшін төлем көлемінің және тарифтердің, ҚТҚ шығару шарттарының өзгеруі туралы өзгерістерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы Тұтынушыға 10 (он) күнтізбелік күннен кешіктірмей хабарлауға;

3.2.8 тұтынушының дербес деректерін қорғау бойынша Қазақстан Республикасының 2013 жылдың 21 мамырындағы №94-V «Дербес деректерді қорғау туралы Заңының» талаптарына сәйкес қажетті шараларды қолдануға;

3.2.9. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында және осы Келісім-шартта қарастырылғандай басқа да міндеттерді орындауға.

4. Есептесудің реті мен шарттары

4.1 Тұтынушы бір ай ішінде бір адам үшін ҚТҚ шығаруды төлеу көлеміне сәйкес тұрғын жайда (үй, пәтер) нақты тұратын адамдарды есептей отырып, көрсетілген қызметтерді төлейді

4.2 ҚТҚ шығару үшін тарифтер Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық актілерінде қарастырылған тәртіпке және мерзімге, сонымен қатар Қызмет көрсетушінің тарифтеріне сәйкес қолданысқа енгізіледі және өзгереді.

4.3 ҚТҚ шығару үшін төлем Қазақстан Республикасының Үкіметінiң Қаулысымен бекіткен коммуналды қызметтерді көрсету ережелеріне сәйкес іске асырылады.

4.4 Тұтынушы және/немесе онымен бірге тұратын тұлғалар уақытша жоқ болған жағдайда, олар қажетті құжаттар мен өтінішті өткізсе, қоқыстарды шығару үшін төлем алынбайды. Төлемді қайта есептеуге байланысты болған барлық өзгерістер Тұтынушының өтінішінің негізінде іске асырылады.

5. Тараптардың жауапкершілігі

5.1 Қызмет көрсетуші және Тұтынушы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдылығына сәйкес келісім-шарттық міндеттемелерді тиесілі түрде орындамағаны немесе дұрыс орындамағаны үшін жауап береді.

5.2 Қызмет көрсетулерді уақытылы төлемеген жағдайда, Тұтынушы өсімпұл төлеуі керек. ҚТҚ шығару бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген соманы төлемеген жағдайда, өсімпұл әр айдың 26 күнінен бастап, есептелген соманың 0,1% көлемінде әр өткізіп алған күн үшін есептеледі.

5.3. Өсімпұлды есептеу кезінде есептік айда іске асырылған барлық төлемдер мен түзетулер есепке алынады.

5.4. Айыппұлдарды төлеу Тараптарды осы Келісім-шарт бойынша қарастырылған міндеттемелерді орындаудан босатпайды.

6. Пікір таластарды қарастыру реті

6.1 Келісім-шарт бойынша қандай да бір пікірталастар пайда болған жағдайда, Тараптар оларды сотқа беруге дейін реттеу үшін барлық қажетті іс-шараларды қолдануға міндеттенеді.

6.2 Егер де пайда болған пікірталастар бойынша Тараптар келісімге келмесе, олар Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес сотта қарастырылуы керек.

6.3 Келісім-шартта реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Алматы қаласының аумағын абаттандыру бойынша ағымдағы Ережелерге және Қазақстан Республикасының басқа да нормативті-құқықтық актілеріне сәйкес реттеледі.

7. Келісім-шарттыңәрекететумерзімі

7.1 Келісім-шарт бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

7.2 Келісім-шарт белгісіз мерзімге жасалды деп саналады.

8. Төтенше оқиға жағдайлары

8.1 Тараптар күні бұрын біле алмайтын және де оларды жүйелі түрде жоя алмайтын түрлі табиғи күштер осы Келісім-шарт жасалғаннан кейін туындаған жағдайда (сұрапыл жағдайлар, апаттар, ерекше жағдай тәртібін енгізу және т.б., бұдан былай - "Төтенше жағдай"), тараптар осы Келісім-шартты тиісті түрде орындамағаны үшін немесе мүлде орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

8.2 Төтенше жағдайға тап болған Тарап төтенше оқиғаға тап болғандығы және де Келісім-шарт талаптарының төнген төтенше жағдай тоқтатылғаннан кейін жалғасатындығы жайлы екінші Тарапқа хабар бергенде ғана Тараптар Келісім- шарт талаптарын орындамағандығы үшін материалдық жауапкершіліктен босатылады.

8.3 Төтенше оқиға жағдайлары Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіптік палатасының шешімімен расталуы керек.

9. Ерекше шарттар

9.1 Өмірлік іс-әрекеттің нәтижесінде әрдайым пайда болатын қалдықтарға байланысты қоқыс тастауға арналмаған жерлерде қоқыстарды заңсыз тастауды болдырмау үшін және олардың қоршаған табиғи ортаға кері әсерін болдырмау мақсатында Тұтынушы қоқыстарды шығару Келісім-шартын Қоқыс шығарушы ұйыммен жасасудан бас тарта алмайды және оны біржақты тәртіппен бұза алмайды.

9.2 Келісім-шарттың күшіне енуі Тараптарды Келісім-шартты жасасқанға дейін пайда болған өзара міндеттемелерінен босатпайды.

9.3 Осы Келісім-шарт көпшілікке жариялы болып саналады (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 387 бабы).

10. Қызмет көрсетушінің реквизиттері:

«Тәртіп» АҚ Мекен-жайы: Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 460/95 Тел.: +7 (727) 393-32-20 СТТН: 600 400 122 294 БИН: 060 140 014 826 ҚҚС куәлігі: серия 60001 нөмір 00071641 08.11.2012жыл. Кбе 17; «Казкоммерцбанк» АҚ-ы

ИИК: KZ679261802140385000

БИК: KZKOKZKX


Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруға арналған қоғамдық келісім-шарт ( Жүктеу)

#fc3424 #5835a1 #1975f2 #2fc86b #f_syc9 #eef77 #020614063440