This website works best with JavaScript enabled

Алматы Call-орталығы 

2 505 505

KZ  RU

Келісім-шартқа тұруға арналған қажетті құжаттардың тізімі:

Заңды тұлғалар келісім-шартқа тұру үшін мынадай құжаттардың көшірмелерін ұсынуы қажет:

  1. Заңды тұлғалардың Мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу куәлігі;
  2. Заңды тұлғаның бірінші басшысын тағайындау туралы бұйрық;
  3. Бірінші басшысының жеке куәлігі;
  4. Шартқа қол қою үшін сенімхат (келісім-шартқа бірінші басшысының қолы қойылмаған жағдайда);
  5. Тұрғын үйдің құқық беруші құжаттары (техникалық төлқұжат, сатып алу/сату келісім-шарты, сыйға беру келісім-шарты, қолданысқа беру актісі (үйлерді салу және қайта жаңарту кезеңінде), жекешелендіру шарты, мұрагерлікті қабылдау куәлігі, жер учаскесiнің актісі, аудан немесе қала әкімінің шешімі/қаулысы немесе жалға алу шарты (тұтынушы үйдің иесі болмаған жағдайда);
  6. Банк деректемелері (БСН, ЖСН және т.б.), орналасу мекен-жайлары, телефон нөмірлері, факс нөмірлері, электрондық пошта мекен-жайы және басқа да байланыс ақпараты, бұған қоса ішінде бас бухгалтердің телефоны жазылған бөлек бір парақ.

Жеке кәсіпкерлер (ЖК) келісім-шартқа тұру үшін мынадай құжаттардың көшірмелерін ұсынуы қажет:

  1. Жеке кәсiпкердiң куәлігі;
  2. Жеке куәлік;
  3. Шартқа қол қою үшін сенімхат (келісім-шартқа бірінші басшысының қолы қойылмаған жағдайда);
  4. Тұрғын үйдің құқық беруші құжаттары (техникалық төлқұжат, сатып алу/сату келісім-шарты, сыйға беру келісім-шарты, қолдануға беру актісі (үйлерді салу және қайта жаңарту кезеңінде), жекешелендіру шарты, мұрагерлікті қабылдау куәлігі, жер учаскесiнің актісі, аудан немесе қала әкімінің шешімі/қаулысы немесе жалға алу шарты (тұтынушы үйдің иесі болмаған жағдайда);
  5. Банк деректемелері (БСН, ЖСН және т.б.), орналасу мекен-жайлары, телефон нөмірлері, факс нөмірлері, электрондық пошта мекен-жайы және басқа да байланыс ақпараты, бұған қоса бас бухгалтердің немесе жеке кәсіпкердің телефоны жазылған бөлек бір парақ.
#fc3424 #5835a1 #1975f2 #2fc86b #f_syc9 #eef77 #020614063440