Құрметпен,
«АҚ Тәртіп» ЖШС басшылығы
18.03.2024 ж.
«АҚ Тәртіп» ЖШС басшылығы
04.10.2023 ж.
Осымен 2023 жылғы 13 ақпаннан бастап «АҚ Тәртіп» ЖШС-ң заңды мекенжайы (орналасқан жері) өзгергенін хабарлаймыз.
Жаңа мекенжай: Қазақстан, Алматы қаласы, «Алғабас» шағын ауданы, 7 көше, 134/12, пошталық индексі 050053.
Сонымен қатар «АҚ Тәртіп» ЖШС-ң тұтынушылар мен жұмыс жүргізу жөніндегі бөлімі – Абонентік бөлім – Алматы қаласы, «Көктем-2» шағын ауданы, 2 үй мекенжайы бойынша орналасатынын хабарлаймыз.
"АҚ Тәртіп" ЖШС басшылығы
2023 ж. 4 ақпан
"Тәртіп" АҚ (әрі қарай – Қоғам ) 25 қазан 2021 жылдан бастап, Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 46 бабының 5 тармағына сәйкес Қоғамның толық құқық мирасқоры болып табылатын «АҚ Тәртіп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (әрі қарай – «АҚ Тәртіп» ЖШС ) болып қайта құрылу жолымен өзінің қайта ұйымдастырылғанын хабарлайды.
Осы Хабарламаны жіберу арқылы «АҚ Тәртіп» ЖШС, Қоғам жасаған шарттар мен келісімдерді және солар бойынша алынған міндеттемелерді өзіне қабылдайды.
Шартқа қосымша келісім жасауға немесе шартты қайта жасауға, Сізді келесі мекенжай бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: ҚР, 050000, Алматы қ., Мақатаев көшесі 117, А литері.
Алматы қаласының әкімдігі коммуналдық қызметтерді жеткізушілермен бірлесіп, Алматы қаласында тұрақты және уақытша тіркелген азаматтар туралы деректерді әрбір пәтерге және жеке үйге байланыстырып түзету бойынша жұмыстарды бастады. Бұл жұмыстар қала инфрақұрылымына нақты жүктемені анықтау және нақты мекенжай бойынша тіркелген азаматтардың фактісі бойынша Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша қала тұрғындарының тәртібін арттыру үшін жүргізіледі.
Деректерді түзету кезінде, тіркелген азаматтар бойынша қате мәліметтер анықталады. Егер тұрғын үй иесі «Алсеко» түбіртегінде және электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте тұратындардың саны бойынша сәйкессіздікті көрсе, жақын маңдағы ХҚКО-ның көші-қон полициясы бөліміне жүгінуі қажет. Мүмкін болатын қателер: мекенжайдың тіркеу коды (МТК) дұрыс көрсетілмеген, деректер базасында бұрынғы тұрғын үй иелері мен тұрғындардың үзінді көшірмесі туралы белгі жоқ. Бұдан әрі түзетілген деректерді коммуналдық қызметтердің кез келген жеткізушісінің ең жақын орналасқан кеңсесіне немесе info@tartyp.kz электрондық поштасы арқылы ұсынуды сұраймыз. Жұмыс кестесі және телефон номірі туралы қосымша ақпарат, ресми сайттың «Контактілер» қойындысында корсетілген.
Сондай-ақ 2017 жылғы 15 қыркүйектегі «Алматы қаласындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» 13-тармағына сәйкес, Алматы қаласында 30 күннен астам тұратын азаматтар, нақты тұратын жері бойынша, тұрақты немесе уақытша тіркеуге алынуы міндетті екенін хабарлаймыз.
Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 15 наурыздағы Жарлығы негізінде азаматтардың өмірі мен денсаулығын COVID-19 жаңа короновирустан сақтандыру мақсатында ірі нысандардың қызметіне, оның ішінде адамдардың көп топтануына шектеу қойылды.
Орын алған жағдайға байланысты Сіздерден азаматтық жауапкершілік танытуларыңызды және «Тәртіп» АҚ кеңсесіне келуді шектеулеріңізді сұраймыз. Сіздер барлық туындаған мәселелер бойынша «Контактілер» қосымша парағындағы телефон нөмірлеріне, немесе info@tartyp.kz электронды поштасына хабарласа аласыздар.
«Тәртіп» АҚ қызметі бойынша төлемді екінші деңгейдегі банктер (ғаламтор банк қызметі), төлем терминалдары – Касса 24, QIWI және Kaspi Bank мобильдік қосымшасы арқылы төлем жасауларыңызды сұраймыз.
Түсіністік танытқандарыңызға алғыс айтамыз!
«Тәртіп» АҚ басшылығы
2020 ж. 16 наурыз
Алматы қаласы мәслихатының 2017 жылдың 15 қыркүйегіндегі шешіміне сәйкес Алматы қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару, кәдеге жарату, қайтадан өңдеу және көму жұмыстарына байланысты жаңа тариф 2018 жылдың 01 қыркүйегінен күшіне енді. Тариф қалдықтарды қайтадан өңдеуге кететін шығындардың бағасына байланысты…
08.10.2018ж.