Коммуналдық қалдықтарды шығару – кез келген елді мекеннің өзекті мәселесі. Қоршаған ортаны сақтау туралы қамқорлық қазіргі заманның негізгі мәселесі болып табылады. Қалдықтар көлемнің ұлғаюы экология үшін күрестің негізгі құрамы болып табылатын қала аумағының тазалығымен тығыз байланысты, қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) жинап, шығару жұмыстарын сауатты және кәсіби шеберлікпен ұйымдастыру ерекше маңызды. Қоршаған әлемнің таза және жайлы болуы адамдардың қал-жағдайына, көңіл-күйіне, жұмыстағы табысына тікелей әсер етеді.
«АҚ Тәртіп» ЖШС (ары қарай – Компания) қалдықтарды жинау мен шығару бойынша нарықтағы 25 жылдық іс тәжірибесімен жетекші орынды алып келеді. Компания Алматы қаласындағы коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығарумен айналысу бойынша жүйе құрушы кәсіпорын ретінде Алматы қаласы Әкімшілігінің шешімімен 1999 жылдың қараша айында «Тәртіп» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны болып қайта құрылып, акционерлендірілді. Алматы қаласы Әділет Департаментінің куәлігі 16.01.2006 ж. №75245-1910-АО.
«АҚ Тәртіп» ЖШС-і өз жұмысын одан ары тұрақты түрде көтеру үшін қажетті мүмкіндіктерге ие, оны дамыту мен жетілдіруді үздіксіз түрде жүргізу кезеңінде, өз жұмысында шетелдік әріптестердің озық тәжірибесін пайдалануда. Біздің компанияның қызметкерлері семинарлар мен арнайы көрмелердің жұмысына үнемі қатысып отырады.
Компанияда 910 адам жұмыс істейді, оның ішінде 821 адам қалдықтарды жинау мен шығарумен тікелей айналысатын өндірістік қызметкерлер. 2009 жылдан бері Кәсіподақ ұйымы құрылды және жұмыс істеп келеді.
200 единиц специализированной техники готовы в любое время года к обслуживанию объекта любой точке города.
Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы техника жарты жыл сайын міндетті түрде Техникалық байқаудан өткізіледі.
Қалдықтарды дер кезінде шығаруды, жедел жұмыс істеу қарқынын жоғарылатуды, шығарудағы логистикалық бағыттарды оңтайландыруды қамтамасыз ету үшін көліктердің қозғалысы GPS мониторингтік жүйесімен бақыланады.
Біздің компания Қазақстан Республикасының заңдарын, қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздік қағидаларын басшылыққа алады. Біз ҚТҚ және басқа да қалдықтарды шығару бойынша атқарылатын жұмыстарды қоршаған ортаға зиян тигізбей орындаймыз.